Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында ұсталды

Редактор
Бүгін, 10:15

Сергей Веселов - пауэрлифтингтен Азия чемпионы

әлеуметтік желі

Қазақстандық спортшы Сергей Веселовті Сауд Арабиясында құқық қорғау органдары қамауға алған. Бұл туралы «За нами уже выехали» телеграм-арнасы мәлім етті. Веселовтың ұсталғанын туыстары да, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі де растады.

Сергейдің әкесінің айтуынша, ұлы 19 маусым күні Астанадан Ыстамбұлға ұшып, кейін Сауд Арабиясына жол тартқан. Алғашқы аптада ол үнемі отбасымен байланысып тұрған. Алайда кейіннен байланыс үзілген соң, туыстары өз бетінше іздеуге кіріскен.

«Қазір оның тірі екенін анықтадық. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бірақ бізге нақты қай бөлімде ұсталып отырғанын және қандай бап бойынша айып тағылғанын айтпай отыр. Консул уақыт қажет дейді. Оның Сауд Арабиясының Медина қаласында екенін консулдан білдік», - деді спортшының әкесі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де «За нами уже выехали» редакциясына берген жауабында Веселовтың ұсталғанын растады:

«Құқық қорғау органдары қамауға алған. Қазіргі уақытта Медина қаласында. Әзірге ресми айып тағылған жоқ. Барлық мән-жайды анықтап жатырмыз», - деп хабарлады министрлік.

Оның нақты қандай себеппен ұсталғаны әзірге белгісіз. Қазақстандық дипломаттар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Сергей Веселов - пауэрлифтингтен Азия чемпионы, әлем біріншілігінің жүлдегері және Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: