Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ольга Рыпакованың қызы Қазақстан намысын қорғайды

Редактор
13.07.2025, 10:30

Германияда 16-27 шілде аралығында жазғы Универсиада өтеді

ҰОК

Германияда 16-27 шілде аралығында өтетін жазғы Универсиадаға қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер құрамасы белгілі болды. Құрамада Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова да бар. 

Қазақстан атынан Универсиадаға келесі атлеттер қатысады:

  • Кристина Ермола (Павлодар облысы) – 100 м және 100 м кедергілер арқылы жүгіру;

  • Александра Залюбовская (Павлодар облысы) – 200 және 400 м жүгіру;

  • Елизавета Матвеева (ШҚО) – биіктікке секіру;

  • Кристина Овчинникова (Қарағанды облысы) – биіктікке секіру;

  • Анастасия Рыпакова (ШҚО) – ұзындыққа секіру;

  • Ясмина Тоқсанбаева (Алматы) – 20 шақырымдық спорттық жүріс;

  • Алина Чистякова (Қарағанды облысы) – жеті сайыс;

  • Зелимхан Насыров (Ақмола облысы) – ұзындыққа секіру;

  • Максим Фроловский (Алматы) – 1500 және 5000 м жүгіру.

Жеңіл атлетика жарыстары 21-27 шілде күндері Бохум қаласында өтеді. Бапкерлер құрамы – Людмила Пешко, Александр Степанковский және Сергей Тулапин.

Айта кетейік, Анастасия – атақты жеңіл атлет, қазіргі таңда Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпакованың қызы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама