Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Отандық танымал дзюдошы үш жылдан бері алғаш рет жүлдегер атанды

Редактор
15.07.2025, 11:33

Дидар Хамза чемпиондық атаққа бір қадам жетпей қалды

ҰОК

Қытай Тайбэйінде өткен жарыста қазақстандық танымал дзюдошы чемпиондық атаққа бір қадам жетпей сүрінді.

Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Тайбэйде (12-13 шілде) өткен Asian Open халықаралық турнирінде бақ сынады.

90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Түркістан облысының тумасы төрт белдесу өткізді:

1/8 финал - Хон Сё Ким (Оңтүстік Корея) - жеңіс

Ширек финал - Чжун Су Ким (Оңтүстік Корея) - жеңіс

Жартылай финал - Мин Ким Сон (Оңтүстік Корея) - жеңіліс

Қола медаль үшін белдесу - Дэнни Войникович (Австралия) - жеңіс

Айта кету керек, бұл - отандасымыздың соңғы бірнеше жылдағы алғашқы жүлдесі. Ол халықаралық аренада үздік үштікке соңғы рет осыдан үш жыл бұрын енген.

Дидар Хамза жайлы деректер:

Туған күні: 1997 жылғы 15 ақпан

Туған жері: Түркістан

Негізгі жетістіктері:

Азия чемпионатының финалисі (2016)

Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (2016)

Жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017)

Азия ойындарының чемпионы (2018)

«Үлкен Дулыға» кезеңінің екі мәрте қола жүлдегері (2018, 2022)

Гран-при кезеңінің жеңімпазы (2018)

Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022)

Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Рио-де-Жанейро (2016) және Токио (2021) Олимпиадасының қатысушысы

Әлемдік рейтингтегі орны: 82-орын (575 ұпай).

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: