Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Моңғолиядағы Гранд Слэмге қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

16.07.2025, 00:16

Олардың қатарында бірінші номерлі балуандар жоқ

IJF

Ұлан-Батырда (Моңғолия) 25-27 шілде аралығында дзюдодан жылдың кезекті Гранд-Слэм турнирі өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, аталған жарыста Қазақстан атынан 8 спортшы бақ сынайды. 

Моңғолия астанасына аттанатын команда сапында Астана Грант-слэмінде күміс жүлдегер атанған Талғат Орынбасар бар.

Ерлер құрамасы:

  • -60 Талғат Орынбасар
  • -60 Нұрәділ Әлжан
  • -66 Ержан Эренгайыпов
  • -66 Бауыржан Нарбаев
  • -73 Саят Сейтқалиев
  • -81 Мейіржан Жұмабек
  • -90 Ермахан Ануарбеков

Қыздар құрамасынан жалғыз ғана Толғанай Абеуова (-52 кг) бақ сынайды.

Естеріңізге салсақ, соңғы рет Астанада өткен Гранд Слэм турнирінде қазақстандық дзюдошылар 3 күміс, 6 қола жүлдемен командалық есепте 9-орынға тұрақтаған еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама