Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев 14 жастағы шахматшыны құттықтады

Редактор
16.07.2025, 14:21

Меруерт Камалиденова FIDE World Cup 2025 турнирінің 1/8 финалына шықты

әлеуметтік желі

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігімен құттықтады.

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 14 жастағы шахматшы Меруерт Камалиденова шахматтан Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы турнирінің 1/8 финалына шықты. Ол 1/16 финалда ресейлік гроссмейстер Анна Шухманды 1,5:0,5 есебімен жеңді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама