Әділет Төлеубаев 1995 жылы Омбы облысында дүниеге келген
Грек-рим күресінен 82 келі салмақ дәрежесінде белдесетін Ресей құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Әділет Төлеубаев Будапештте өткен «Поле Имре мен Варга Яноштың мемориалында» топ жарды.
Омбыда дүниеге келген Төлеубаев жарыс жолында оңтүстіккореялық балуанды (9:0), өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовты (2:1), жерлесі Рафаэль Юнусовты (5:1) ұтып, ақтық сында жарыс иесі Золтан Левайдан (5:1) айла асырды.
Әділет Төлеубаев 1995 жылы Омбы облысында дүниеге келген, Омбы күрес мектебінің түлегі. Өткен жылы 77 келі салмақта Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.