Министрдің айтуынша, 100-ден астам федерацияға мемлекеттен тиісті қаржы бөлінген
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов көше сыпырып, күнкөріс қамымен жүрген белгілі спортшы Айсара Керімбекованың жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Министр бұл мәселеде Самбо федерациясының тарапынан уақтылы әрі нақты шаралар қабылданбағанын сынға алды. Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін 100-ден астам спорттық федерацияға мемлекет тарапынан қаражат бөлінген.
«Ел абыройын асқақтатқан апамыздың мұндай халге түсуі – ұят. Бұл жағдайдың анықталғанына бір айдан асты, бірақ реакция төмен. Мұнда Самбо федерациясының мүшелері мен Алматы қаласының басқарма басшылары бар ма? Бізде үлкен жетістіктерге жеткен ардагер спортшылар бар, олар көп емес. Ендеше неге сол жандарға тиісті қолдау көрсетілмейді? Федерация өкілдері аймақтарды аралап, жаттығу әдістемелерін әзірлеуі тиіс. Егер олар мұнымен айналыспаса, онда ондай федерациялардың бізге қажеті қанша?» – деді министр Ербол Мырзабосынов.