Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Елдос Сметовтің ең басты қарсыласы болған спортшы татамиге оралды

Бүгін, 00:39

Барлығында жапон балуаны басым түскен.

Әлеуметтік желі

Дзюдодан Токио Олимпиадасының чемпионы Наохиса Таката татамиге қайта оралады.

Бұл туралы спортшының өзі хабарлады.

«Жақында татамиге ораламын», - деп жазды Такато Instagram парақшасында.

Айта кетейік,былтырғы жылы Наохисо Такато Жапония біріншілігінде құрамадағы басты қарсыласы Рюджи Нагаямаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасынан тыс қалған еді. Содан бері спортшы ірі жарыстарда бой көрсетпеді.

Наохисо Такато мен Елдос Сметов халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте белдесіп, барлығында жапон балуаны басым түскен.

Ол Рио Олимпиадасында қола жүлдегер атанса, Токиода жеңімпаз болды. Жапония астанасында өткен ойындарда Такато жартылай финалда Сметовпен кездесіп, қосымша уақытта басым түсті.

Сметов Парижде чемпион атанған соң Таката желіде жазба жариялап, «Сметов мен сыйлаған кимономен күресіп, Олимпиада чемпионы атанды» деп мәлімдеп, өзінің аса қуанышты екенін атаған еді. Кейін оның сөзін Елдос Сметов те растап, Олимпиада алдында Токиодан кимононы беріп жібергенін жеткізді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама