Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Өзбекстан алғаш рет әйелдер күресінен әлем чемпионатынан алтын алды

02.08.2025, 09:48

Финалда ол жапон қызы Ан Наканашиге еш мүмкіндік бермеді

Өзбекстан ҰОК

Афинада (Грекия) өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасына алтын жүлде түсті.

Бұл додада 40 келіде сынға түскен өзбекстандық Шохиста Шоназарова жеңімпаз атанды. Финалда ол жапон қызы Ан Наканашиге еш мүмкіндік бермей, 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Өзбекстан әйелдер күресі тарихында тұңғыш рет алтын жүлдеге қол жеткізді.

Бұдан бөлек, тағы бір өзбекстандық спортшы - Мухайё Рахимжонова да финалға шықты. Алайда шешуші белдесуде қарсыласына жол беріп, күміс медальды місе тұтты.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан әйелдер күресінен Олимпиада және әлем чемпионаттарында жүлде алмаған. Олардың ең айтулы жетістіктері — Бішкекте өткен күрес түрлерінен олимпиадалық іріктеу турнирінде (этникалық қазақ) Ақтеңге Кеунимжаеваның 50 келіде Олимпиада жолдамасын жеңіп алғаны еді. Дегенмен Ақтеңге Париж Олимпиадасында жүлделі орынға ілікпеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама