Қазақстан конькишісі жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды

Редактор
21.01.2024, 10:49

Бұл – Қазақстан құрамасы қоржынындағы екінші медаль

olympic.kz

Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Полина Омельчук қола жүлдегер атанды.

1000 метрге конькимен жүгіруде отандасымыз үшінші нәтиже көрсеткен. Оның уақыты – 1:41.600.

Бұл қашықтықта бірінші орын қытайлық Ли Цзиньцзыға бұйырса, екінші орынды өзге қытайлық конькиші Ян Цзиньжу жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан қоржынында бұған дейін бір алтын медаль бар еді. Оны трамплиннен шаңғымен секіру спортынан Илья Мизерных жеңіп алған болатын.