Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ұлттық Олимпиада комитетінің экс-президенті қымбат жер телімінен айырылды

Редактор
05.08.2025, 09:59

Жер телімінің нарықтағы бағасы – 250 миллион теңге.

ҰОК

Ұлттық Олимпиада комитетінің экс-президенті Тимур Құлыбаев құны 250 миллион теңге тұратын тағы бір жер телімінен айырылды.

Атырау облыстық прокуратурасының актісі бойынша, пайдаланылмаған жер учаскесі, нақтырақ айтқанда айлақ көпіріне арналған 3,46 гектар жер, мемлекет меншігіне өтті. Жер телімінің нарықтағы бағасы – 250 миллион теңге. Бұған дейін бұл жер «Кипрос» ЖШС-нің иелігінде болған.

«Қадағалау актілері негізінде мемлекет меншігіне жалпы аумағы 31 432 гектарды құрайтын, құны 196 миллион теңге болатын 16 игерілмеген жер телімі қайтарылды, – деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

«Кипрос» ЖШС — Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың негізгі активтерінің бірі.

Тимур Құлыбаевтың қазақстандық спорттағы рөлі

2024 жылы спорт саласынан кеткенге дейін Тимур Құлыбаев Қазақстан спортын басқарудағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болды:

  • Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті – 2015 жылдан 2024 жылғы ақпанға дейін. Оның орнына әлем чемпионы Геннадий Головкин тағайындалды.
  • Қазақстан бокс федерациясының президенті – 2009 жылдан 2019 жылға дейін. Оның басшылығымен ұлттық құрама Лондон мен Рио Олимпиадаларында үлкен жетістіктерге жетті.
  • Жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясын құру бастамашысы болды. Бұл конфедерацияға бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ және басқа да спорт түрлері кірді.
  • Халықаралық Олимпиада комитеті, Азия Олимпиада кеңесі, АНОК және басқа да халықаралық ұйымдардың атқарушы органдарының мүшесі болды.
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: