Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Стив Джобстың қызы Ив Джобс Олимпиада чемпионына тұрмысқа шықты

Редактор
05.08.2025, 14:27

Ив Джобс 27 жасында Олимпиада чемпионы, кәсіби шабандоз Гарри Чарльзға тұрмысқа шықты

instagram.com/evejobs

Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Джобстың қызы Ив Джобс 27 жасында Олимпиада чемпионы, кәсіби шабандоз Гарри Чарльзға тұрмысқа шықты. Гарри – Ұлыбритания құрамасы сапында ат спортының конкур түрі бойынша жарыстарға қатысып жүрген спортшы.

Салтанатты үйлену тойы 26 шілдеде Ұлыбританияда өткен. Алайда жас жұптың жалғыз үйлену суреті жақында ғана Ив Джобстың Instagram парақшасында жарияланды. NDTV басылымының мәліметінше, неке қию рәсімі ортағасырлық Әулие Михаил шіркеуінде өтіп, мерекелік кеш Estelle Manor атты элиталы клуб пен қонақүйде жалғасын тапқан. Тойдың жалпы шығыны 6,7 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр.

Ив Джобс Instagram желісінде: «Біз үйлендік!!! Бұл – өміріміздегі ең ғажап апта болды. Біз алғыс айтқымыз келетін жандар өте көп...» деп жазып, тойды ұйымдастыруға атсалысқан мамандар мен жақын жандарына шын жүректен алғысын білдірді.

Жас жұптың қарым-қатынасы туралы көп нәрсе белгісіз. Олар алғаш рет жұрт алдына 2024 жылы Париж Олимпиадасы кезінде шыққан. Сол сәтте Instagram желісінде де жұп ретінде жария болған. Гарри сол Олимпиадада конкур жарысынан алтын медаль жеңіп алған. Ал спорттағы жолын ол жасөспірім шағынан бастаған. Олимпиадаға алғаш рет  2020 жылы Токиода қатысқан.

Ив Джобс та ат спортымен айналысқан. Конкур жарыстарына қатысып, шабандоз ретінде танылған. Сонымен қатар, ол сән индустриясында да өз орнын тапқан. 2020 жылы Glossier косметика бренді арқылы модельдік мансабын бастап, 2021 жылы Coperni сән үйінің көрсетілімінде алғаш рет подиумға шықты. Сол дефилеге Джиджи Хадид те қатысқан болатын.

Қазіргі таңда Ив – Louis Vuitton сән үйінің серіктесі және Vogue Japan журналының мұқабасына шыққан танымал модель. Модельдік мансабына дейін ол Стэнфорд университетінде тарих мамандығы бойынша білім алған.

Айта кетейік, Ив Джобс – Стив Джобстың кенже қызы. Стив Джобс 2011 жылдың 5 қазанында ұйқы безі обырынан қайтыс болған. Ол 1972 жылдан бастап Крисанн Бреннанмен қарым-қатынаста болған, 1978 жылы Лиза есімді қыздары дүниеге келді. Дегенмен, кәсіпкер алғашында әкелік жауапкершілікті мойындамаған.

1991 жылы Стив Джобс Пенсильвания университетінің түлегі, Уортон бизнес мектебінің MBA дәрежесін иеленген Лорен Пауэллге үйленген. Лорен Merrill Lynch Asset Management пен Goldman Sachs компанияларында жұмыс істеген. Бұл некеден үш бала өмірге келген: Рид, Эрин және Ив Джобс.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: