Бұл жыныстық тексеріс нәтижесінде белгілі болды
Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) әйелдер арасындағы U21 әлем чемпионатында Вьетнам құрамасының нәтижелерін жойды.
Ұйым мәлімдеуінше, Вьетнам волейбол федерациясы ұлттық құрама сапына алаңға шығуға құқығы жоқ спортшыны қосқан.
«FIVB-дің тәртіптік комиссиясына қарасты комитет бұл ойыншы қатысқан кездесулердің нәтижелерін жою және оның өзін жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады», – делінген федерация сайтында.
Jakarta Globe басылымының хабарлауынша, вьетнамдықтар алаңға ер адам екені анықталған екі бірдей ойыншыны шығарғаны үшін жазаланған. Бұл жыныстық тексеріс нәтижесінде белгілі болды. Ал ол тексеріс қарсылас команданың сұрауымен жүргізілген.
Ойыншылары жарыстан шеттетілгеннен кейін Вьетнам волейбол федерациясы FIVB-ге апелляция түсірді.