Ұлттық құрама спортшылары мен бапкерлеріне ай сайынғы төлем мөлшері бекітілді
13 тамыздан бастап Қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен өзге де ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олардың бапкерлеріне ай сайынғы ақшалай төлем төлеу тәртібі күшіне енді.
Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары
1-орын: спортшы – кемінде 250 АЕК, бапкер – кемінде 125 АЕК (491 500 тг)
2-орын: спортшы – 200 АЕК, бапкер – 100 АЕК (393 200 тг)
3-орын: спортшы – 150 АЕК, бапкер – 75 АЕК (294 900 тг)
Төлем келесі ойындар өткенге дейін, спортшы дайындықты жалғастырған жағдайда жүргізіледі.
Әлем чемпионаты
1-орын: спортшы – 130 АЕК, бапкер – 65 АЕК (255 580 тг)
2-орын: спортшы – 120 АЕК, бапкер – 60 АЕК (235 920 тг)
3-орын: спортшы – 100 АЕК, бапкер – 50 АЕК (196 600 тг)
Азия, Параазия ойындары
1-орын: спортшы – 120 АЕК, бапкер – 60 АЕК (235 920 тг)
2-орын: спортшы – 100 АЕК, бапкер – 50 АЕК (196 600 тг)
3-орын: спортшы – 90 АЕК, бапкер – 45 АЕК (176 940 тг)
Азия чемпионаты және 4 құрлық турнирі
1-орын: спортшы – 90 АЕК, бапкер – 45 АЕК (176 940 тг)
2-орын: спортшы – 80 АЕК, бапкер – 40 АЕК (157 280 тг)
3-орын: спортшы – 60 АЕК, бапкер – 30 АЕК (117 960 тг)
Спартакиада, Паралимпиада ойындары РК, ҚР чемпионаты
1-орын: спортшы – 60 АЕК, бапкер – 30 АЕК (117 960 тг)
2-орын: спортшы – 50 АЕК, бапкер – 25 АЕК (98 300 тг)
3-орын: спортшы – 40 АЕК, бапкер – 20 АЕК (78 640 тг)
Ұлттық спорт түрлерінен әлем чемпионаты (кемінде 10 ел қатысқан жағдайда)
1-орын: спортшы – 80 АЕК, бапкер – 40 АЕК (157 280 тг)
2-орын: спортшы – 70 АЕК, бапкер – 35 АЕК (137 620 тг)
3-орын: спортшы – 60 АЕК, бапкер – 30 АЕК (117 960 тг)
Сонымен қатар құжатта жастар, жасөспірімдер арасындағы олимпиадалық, паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша төлем мөлшері де белгіленген.
Төлемдер жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі және бір жыл ішінде спортшы бірнеше жоғары нәтиже көрсетсе, ең жоғарғы көрсеткішке сәйкес тек бір ғана төлем қарастырылады.
Қаулы 13 тамыз 2025 жылы күшіне енді.