Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бұл жолы әлем чемпионатында топ жару оңай болмайды - Ризабек Айтмұқан

20.08.2025, 16:02

Соның ішінде алтауы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері

ФОТО: olympic.kz

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан 13-21 қыркүйек аралығында Загребте өтетін әлем чемпионатына қатысты пікірін білдірді.

Спортшы жеңіске жету оңай болмайтынын, бәсекелестік жоғары екенін айтты.

«Әлем чемпионатында бәсекелестік өте жоғары деңгейде болмақ. Мысалы, менің салмағымда оннан аса мықты балуандар бар. Соның ішінде алтауы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Сондықтан жеңіске жету өте қиын болғалы тұр», - Ризабек Айтмұқан Olympic.kz сайтына берген сұхбатында.

Қыркүйекте өтетін әлем чемпионатына еркін күрестен ел намысын 10 балуан қорғайды. Олардың қатарында Ризабек Айтмұқан бар. Ризабек Айтмұқан осылайша 4 дүркін әлем чемпионы атануға мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, Ризабек Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол әлем чемпионатында үш түрлі жас санат бойынша топ жарған . 2023, 2024 және 2025 жылғы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама