Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Спортшы-депутат Ардақ Назаров Мәжілісте көпшілікті таңқалдырды

Редактор
Бүгін, 14:00

Сіздің алдыңызда басымды иемін

Мәжіліс

Бүгін Мәжіліс отырысында қызық жағдай болды. Депутат Ардақ Назаров ресми сауалын жолдамас бұрын анасына деген ыстық ықыласын жеткізуді жөн көрді.

Парламент мінберінен сөз алған Назаров анасын 70 жасқа толуымен құттықтап, жүрекжарды тілегін айтты:

«Қадірлі анашым. Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрыңызға шомылып өстім. Әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін», – деді депутат.

Әріптестері Назаровтың сөзін қол шапалақтап қолдады. Дегенмен, парламент қабырғасында мұндай қадамның қаншалықты орынды екендігі жөнінде қоғамда түрлі пікір туындауда.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама