Жарнама
Жарнама

Ешқайсысы жартылай финалға жете алмады: Балуан қыздар әлем чемпионатын аяқтады

Редактор
16.09.2025, 17:49

Үш қазақстандық балуан алғашқы айналымда жеңіліс тапты

UWW

Күрес түрлерінен Загребтегі (Хорватия) әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр.

Әйелдер арасында бірнеше салмақ дәрежесінде бәсекелер басталды. Алайда қазақстандық спортшылардың ешқайсысы жартылай финалға жете алмады. 50 келіге дейінгі салмақта Светлана Анкичева Солтүстік Корея өкілі Вон Менггенге мерзімінен бұрын жеңілді.

57 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағамбетова да алғашқы белдесуінде финляндиялық Дженне Хемиайеге есе жіберді.

76 келіге дейінгі салмақта Эльмира Сыздықова да қарсыласынан айласын асыра алмады. Ол италиялық Энрика Ренальдиден 3:4 есебімен жол берді.

Реклама
Реклама