Жарнама
Жарнама

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында күтпеген нәтиже көрсетті

Редактор
17.09.2025, 17:12

Тартысты өткен белдесу 3:3 есебімен аяқталды

©uww.org

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үздік балуандарының бірі Жәмила Бақбергенова күтпеген нәтижеге тап болды.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы 1/8 финалда қырғызстандық Нұрзат Нұртаеваға қарсы шықты. Тартысты өткен белдесу 3:3 есебімен аяқталды. Дегенмен ұпай сапасы бойынша қарсыласы жеңімпаз деп танылып, Бақбергенова жарысты жалғастыру құқығынан айырылды.

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова – Азияның төрт дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері. Ол осы додаға бірінші нөмірлі спортшы ретінде келген болатын. Ал қарсыласы Нұрзат Нұртаева Халықаралық күрес қауымдастығы (UWW) рейтингінде небәрі 34-орында тұр.

Өкінішке қарай, осы күні Қазақстаннан шыққан өзге балуандар да іріктеу кезеңінен өте алмады. Зейнеп Баянова (-53 кг), Тыныс Дүбек (-62 кг), Бейбіт Сейдуалы (-68 кг) және Светлана Анкичева (-50 кг) қарсыластарына жол берді.

Қазақстандық балуандардың жұбаныш белдесулеріне шығу мүмкіндігі қарсыластарының финалға өтуіне байланысты шешіледі.

Реклама
Реклама