Жарнама
Жарнама

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Редактор
20.09.2025, 10:47

Қола жүлдеге таласта Венгрия спортшысына есе жіберді

UWW

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады.

Қазақстандық балуан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.

Жадыраев бұл кезеңде Венгрия спортшысы Роберт Фричпен қола жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен айқас 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Реклама
Реклама