Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов қызды болды

Редактор
23.09.2025, 17:35

Нұрқожа Қайпанов пен Марина Седнева 2020 жылдың соңында шаңырақ көтерген

Фото: instagram.com/kaipanova_sedneva_m

Еркін күрестен әлемнің үздік балуандары қатарында жүрген, Загребте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқожа Қайпанов қызды болды.

Белгілі спортшының жары, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Марина Седнева-Қайпанова кеше екінші қызын дүниеге әкелді. Қуанышты хабарды әлеуметтік желі арқылы жақындары бөлісіп, отбасын шын жүректен құттықтады.

Нұрқожа Қайпанов пен Марина Седнева 2020 жылдың соңында шаңырақ көтерген. Екеуі де – ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап жүрген спортшылар.

 Айта кетейік, Қайпанов жуырда ғана, 13–21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл – оның әлем біріншілігіндегі үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2019 жылы Астанада өткен додада күміс медаль иеленсе, 2023 жылы Тиранада 70 келі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.

Реклама
Реклама