Жарнама
Жарнама

Дзюдодан Қытайдағы Гран-приде ел намысын кім қорғайды?

Редактор
24.09.2025, 16:49

Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы сынға түседі

IJF

Жуырда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді.

Жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған. Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы сынға түседі. 

Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды. Халықаралық федерацияның мәліметіне сәйкес, құрамға енген спортшылар төмендегідей:

60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Даурен Сүйеукенов

66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа

73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы

81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек

Реклама
Реклама

Материалда: