Жарнама
Жарнама

Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, рекорд жаңартты

Редактор
25.09.2025, 17:38

Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр

ҰОК

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған тізімде 16-орынға көтерілді. Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі себеп болды.

Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орында - италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.

Реклама
Реклама