Жарнама
Жарнама

Қазақстандық таеквондошы әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Редактор
27.09.2025, 10:06

Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі үздік ондыққа енді

ҰОК

Халықаралық таеквондо федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты.

Қазақстандық Самирхон Абабакиров тізімде алғашқы орнын сақтап қалды. Ол 63 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі үздік ондыққа енді. Бейбарыс Қаблан (+87 келі) жетінші орынға тұрақтады.

Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) сегізінші орынға көтерілді. Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) оныншы орынға жайғасты.

Реклама
Реклама

Материалда: