Жарнама
Жарнама

Қазақстандық гимнаст Challenge Cup жарысында алтын медаль иеленді

Редактор
29.09.2025, 09:42

Ол финалда 14.750 балл жинады

Спортты дамыту дирекциясы

Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында екінші отандасымыз алтыннан алқа тақты.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, команда көшбасшысының бірі Милад Карими керме жаттығуында ешкімге дес бермеді. Ол финалда 14.750 балл жинады.

Керме жаттығуының жүлдегерлері:
1. Милад Карими (Қазақстан)
2. Анхель Барахас (Колумбия) 14.650 балл
3. Лучиано Летелиер (Чили) 14.250 балл

Айта кетейік, Дмитрий Патанин еркін жаттығуда жеңімпаз атанған. Бүгін ол қос сырықтың финалында жүлдеге іліге алмады. Қазақстан Сомбатхейдегі шешуші кезеңді 2 алтын медальмен аяқтады.

Реклама
Реклама