Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

ТМД ойындарында Өзбекстан Қазақстаннан медаль саны бойынша озып кетті

Редактор
07.10.2025, 17:23

Қазақстан әзірге бесінші орында

1news.az

Әзербайжанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге алтын медаль саны бойынша Өзбекстаннан кейін тұр.

7 қазан күнгі жағдай бойынша жалпыкомандалық есепте Ресей көш бастап келеді, ел спортшыларының қоржынында 116 алтын, 58 күміс және 38 қола медаль бар. Екінші орында – Беларусь (32 алтын, 31 күміс, 51 қола), ал алғашқы үштікті Әзербайжан түйіндеп тұр (30 алтын, 48 күміс, 89 қола).

Өзбекстан құрамасы төртінші орында – ел спортшылары 22 алтын, 32 күміс және 55 қола медаль иеленген. Ал Қазақстан әзірге бесінші орында, ел қоржынында 9 алтын, 24 күміс және 45 қола медаль бар.

Дегенмен, жарыстар әлі жалғасып жатыр. Сондықтан қазақстандық спортшылардың медальдық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндігі бар.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама