Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында жүлделі болды

Редактор
11.10.2025, 14:20

Отандастарымыз үшінші орын үшін Таиланд командасымен кездесті

Спортты дамыту дирекциясы

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтуде. Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орын үшін Таиланд командасымен кездесті.

Тартысты өткен ойынның негізгі уақыты 6:6 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз команда кездесу соңындағы пенальти сериясында анықталды. Бұл сында аруларамыз қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті. Қорытынды есеп – 9:8, яғни Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Осылайша, отандастарымыз Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: