Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан азаматтығын алған спортшы қайтадан кетіп қалды

Редактор
Бүгін, 17:57

Кей деректерде оның бас бапкер қызметін атқаруы әбден мүмкін екені де көрсетілген

ҰОК

Отандық таеквондоның көшбасшыларының бірі болған Жансель Дениз Сингапур құрамасының сапында еңбек етеді. 

Дениз Сингапур құрамасына жаттықтырушы ретінде ауысып отыр. Кей деректерде оның бас бапкер қызметін атқаруы әбден мүмкін екені де көрсетілген. 

Жансель Дениз ресми түрде спорттық мансабын аяқтады. Ал оның жаттықтырушы ретіндегі алғашқы жарысы 2025 жылғы әлем чемпионаты болмақ.
Жансель Дениз 1991 жылғы 26 тамызда Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында дүниеге келген. Бала кезінде Түркияға қоныс аударып, сол елдің азаматтығын алғанымен, кейіннен Қазақстанға оралды. Ұлттық құрама сапында ол +67 кг (OR) және -73 кг (WR) салмақ дәрежелерінде өнер көрсетті. 

Қазақстан құрамасындағы басты жетістіктері:

2017 жылғы Универсиада финалисі
2018 жылғы Азия ойындарының финалисі
2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының финалисі
2022 жылғы клубтық Азия чемпионатының финалисі
2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері
World Taekwondo аясындағы халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері
2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының және 2021 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы (тиісінше бірінші кезең мен ширек финалда жеңіліс тапқан)
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 

Тарихи отанына оралған соң спортшы Атырау облысы атынан сынға түскен болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама