Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Шұғыла Өмірбек күрестен U23 әлем чемпионатында тарихи алтынды алды

Редактор
24.10.2025, 21:54

Финалда ол Еуропа чемпионы, Түркия спортшысы Туба Демирді жеңді

Спортты дамыту дирекциясы

Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында әйелдер арасындағы бәсекеден тұңғыш алтын медаль бұйырды.

55 келіде сынға түскен Шұғыла Өмірбек финалдық белдесуде бірнеше жас санатында Еуропа чемпионы, Түркия спортшысы Туба Демирді 12:8 есебімен ұтты.

Жарыс барысында аруымыз 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаэл Симонды (Молдова) 10:2, кадеттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Александра Войчилескуді (Румыния) 3:1, жартылай финалда 20 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы Амори Андрихті (Германия) 2:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан U23 әлем чемпионатында осы сәтке дейін бірде-бір аруымыз финалға дейін жетпеген.

Ал 23 жасқа дейінгі жаһандық доданың тарихына көз жүгіртсек, 2023 жылы Сұлтан Әсетұлы (67 келі, грек-рим күресі) және 2024 жылы Ризабек Айтмұхан (92 келі, еркін күрес) топ жарған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: