Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

2007 жылдан кейінгі алғашқы медаль: Таеквондошы Нодира Ахмедова әлем чемпионатында қола алды

Редактор
25.10.2025, 16:22

Таеквондодан әйелдер құрамасы 18 жылдық үзілістен кейін алғаш рет медаль алды

Спортты дамыту дирекциясы

Таеквондошы Нодира Ахмедоваға 18 жылдан кейін әлем чемпионатының қола медалі бұйырды.

Қазақстан араға 18 жыл салып әйелдер арасында таеквондодан әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. Осыған дейін соңғы рет 2007 жылы Назгүл Тәжіқұлова алған болатын.

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде бақ сынаған Нодира Ахмедова (-49 кг) жартылай финалда Лю Юй-юнге (Қытай Тайпэйі) жол беріп, қола медаль иеленді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама