Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Редактор
26.10.2025, 08:38

Бұл жүлде Михаил Шайдоровтың ISU Гран-при кезеңдеріндегі үшінші медалі болды

Фото: Tang Xinyu/VCG via Getty Images

Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі аяқталды. Қазақстан атынан сынға түскен Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей жарыста қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада үшінші орын иеленген болатын. Еркін бағдарламада да ол жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 174,34 ұпай жинады. Қорытынды есеп бойынша қазақстандық спортшының жалпы нәтижесі 262,67 ұпай, бұл оған қола медаль алуға мүмкіндік берді.

Жеңімпаздар үштігі:

1). Шун Сато (Жапония) –  278,12 ұпай

2). Даниэль Грасль (Италия) –  269,43 ұпай

3). Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 262,67 ұпай

Еркін бағдарлама барысында Шайдоров өзіне тән күрделі элементтерді орындады: үштік аксель мен төрттік сальхов комбинациясы, сондай-ақ төрттік тулуп каскады. Алайда бірнеше секіруде жарты айналымға жетпеген бұрылыстар тіркеліп, бір төрттік тулупта спортшы құлап қалды. Соған қарамастан, оның төрттік лутц пен үштік комбинациясы жоғары бағаланды.

Бұл жүлде Михаил Шайдоровтың ISU Гран-при кезеңдеріндегі үшінші медалі болды.

Айта кетейік, оның барлық жүлделері Қытайда өткен жарыстарда жеңіп алынған.

Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихында спортшылар жалпы алғанда алты Гран-при медалін иеленген:

екі рет  –  Денис Тен, бір рет  –  Марина Халтурина мен Андрей Крюков спорттық жұбы, және үш рет –  Михаил Шайдоров.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама