Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы Азия регби турнирінде чемпион атанды

Редактор
27.10.2025, 11:52

Шешуші ойында Үндістан құрамасын 27:0 есебімен жеңіп, турнирдің чемпионы атанды

kazrugby.kz

Қазақстан құрамасы Оманда өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турнирінде барлық қарсыласын ойсырата жеңіп, чемпион атанды. Жарысқа 15 команда қатысып, кездесу топтық және плей-офф кезеңдері форматында өтті.

Қазақстан құрамасы өз тобына Қырғызстан, Сауд Арабиясы және Катар командаларымен бірге түсті. Бірінші күні өткен топтық кезеңде қазақстандықтар барлық кездесуде жеңіске жетіп, плей-оффқа үздік нәтиже көрсетіп шықты.

Топтық кезең (25 қазан):

  • Қазақстан – Қырғызстан: 44:0

  • Қазақстан – Сауд Арабиясы: 27:0

  • Қазақстан – Катар: 34:7

Екінші күні өткен шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ауғанстанды 41:0 есебімен жеңіп, финалға шықты. Ал шешуші ойында Үндістан құрамасын 27:0 есебімен ұтып, турнирдің чемпионы атанды.

Осылайша Қазақстан құрамасы бүкіл турнир барысында бірде-бір матчта ұтылған жоқ және бар болғаны 7 ұпай ғана жіберді. Бұл көрсеткіш команда қорғанысының сенімділігін және шабуылдағы тиімділігін дәлелдейді.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан мен Үндістан жоғары дивизион – Division 1 Asia Rugby Sevens Series турниріне жолдама алды. Ал Өзбекстан мен Қытай Тайбэйі төменгі дивизионға түсіп қалды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: