Жарыс 7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді
Әлемдік күрестің жұлдыздары Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов Исламиадада Қазақстан намысын қорғайды.
7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасын кімдер таныстыратыны белгілі болды.
Жарыстың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, ұлттық құрама сапында төмендегі балуандар өнер көрсетеді:
Грек-рим күресі
Еркін күрес
Әйелдер күресі
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов – әлемдік аренада өзін дәлелдеген мықтылар. Айтмұхан — әлем чемпионатының жүлдегері және әлем чемпионы титулын жеңіп алған жас жұлдыз, ал Қайпанов – әлем чемпионатының финалисі әрі тәжірибелі палуан.