Жарнама
Жарнама

Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке енді

Редактор
12.11.2025, 15:26

Команда құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская өнер көрсетті

Туризм және спорт министрлігі

Нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында винтовка және тапаншадан 50 метр қашықтыққа үш қалыпта ату бойынша командалық есепте қола медаль жеңіп алды.

Команда құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская өнер көрсетті.

Әлем чемпионаты Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) ұйымдастыруымен Мысырдың Каир қаласында өтіп жатыр. Жарыс 18 қарашаға дейін жалғасады.

Биылғы әлемдік додаға 71 елден 697 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында ұлттық рейтинг пен республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген елдің ең үздік 15 мергені сынға түсіп жатыр.

 

Реклама
Реклама