Жарнама
Жарнама

Көктемде ана атанған Кәмила Берліқаш ел чемпионатында күміс жүлде иеленді

Редактор
12.11.2025, 21:12

Кәмила Берліқаш былтыр Париж Олимпиадасына қатысқан

Дзюдо федерациясы

Сәуір айында қыз баланы дүниеге әкелген дзюдошы Кәмила Берліқаш аса ауыр салмақта ҚР чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Отандық әйелдер дзюдосының көрнекті өкілі Семейде өткен чемпионатта төрт белдесу өткізді. Ол алғашқы айналымда бос болса, екінші кезеңде шымкенттік Айдана Қаменовадан айласын асырды.

Ал ширек финалда Қарағанды облысының дзюдошысы Аида Тойшыбекованы жеңді. Жартылай финалда Астана балуаны Толқын Тұрсынақыновадан басым түсті. Финалда ұлттық құраманың белді өкілі Ақерке Рамазановаға қарсы белдесуде кемшін түсіп, чемпиондық атақты уысынан шығарып алды.

Айта кететін жайт, Кәмила Берліқаш былтыр Париж Олимпиадасына қатысқан. Сондай-ақ, спортшы 2024 жылдың күзінде Ташкентте әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, балуан Абу-Даби және Ұлан Батыр Гранд слэм турнирлерінің жүлдегері атанған.

Семейде өтіп жатқан ел чемпионатында Маңғыстау облысының татами шеберлері жалпы есепте 3 алтын, 1 қола медальмен көш бастады. Ертең чемпионаттың соңғы жарыс күнінде өңірлерден келген командалар бәсекеге түсіп, өзара мықтыны анықтайды.

Реклама
Реклама