Жарнама
Жарнама

Самбошы әкім Асхат Шахаров спорттан саясатқа қалай келгенін түсіндірді

Редактор
14.11.2025, 10:31

Асхат Шахаров – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы

Коллаж 1bol.kz

Ақтөбе облысының басшысы Асхат Шахаров спорттан әкімдік қызметке қалай келгенін түсіндірді. 

«Шыны керек, спорттан бірден саясатқа келе салған жоқпын. Спортпен 8 жасымнан бастап 24 жасыма дейін айналыстым – балалық шағым, жастық шағым залда өтті. Республикалық, халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, бір жерде тоқтап қалуға болмайтынын түсіндім, сондықтан карьерамды аяқтадым.  Спорттан кейін қоғамдық өмір басталды. Қалалық мәслихат депутаттығынан облыстық мәслихат депутаттығына дейінгі жолды жүріп өттім. Сонан соң мемлекеттік қызмет басталды: екі аудан, сосын қала әкімі болдым. Осы тәжірибенің барлығы жүйенің шын мәнінде қалай жұмыс істейтіндігін көрсеткен тәрізді. Сол үшін де төменнен бастаған өте дұрыс», - дейді самбошы әкім.

Ол «спорттан – саясатқа» деген ұғым өзіне келіңкіремейтінін алға тартты.

«Бастапқыда бұл жай ғана хобби болды, сонан соң кірісе бастадым, сөйтіп өзімді жаңа салада сынап көргім келді. Мақсат қойып үйренген адам ретінде өзімді осы жерде де тексергім келді. Осы жылдар аралығында жинаған тәжірибем мен білімімді қолдануға тырысып жатырмын. О бастан-ақ «ең керемет жұмысты» іздеу дұрыс емес деп санайтынмын. Өзіңе жүктелген міндетті адал атқару маңыздырақ. Қай жерде болсаң да аянып қалма. Сонда нәтиже міндетті түрде болады», - деп қосты Шахаров.

Облыс әкімі қала тұрғындарының көңіл күйі футбол клубының нәтижесіне байланысты екенін де атап өтті.

«Қаланың көңіл күйі футболға тікелей байланысты – егер клуб жеңсе, онда дүйсенді күні бәрінің жұмыс өнімділігі артады», - дейді облыс басшысы. 

Асхат Шахаров – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Сидней олимпиадасының қатысушысы. Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдап, Олимпиадалық резерв орталығын басқарған. Кейіннен мемлекеттік қызметке ден қойды.

Реклама
Реклама

Материалда: