Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының жаңа капитаны тағайындалды

Редактор
20.01.2026, 12:09

Диас Досқараев Қазақстан құрамасын 2012 жылдан 2019 жылға дейін 7 жыл бойы басқарған

ҚФФ

Дэвис кубогында Қазақстан ерлер құрамасы жаңа капитанмен өнер көрсетеді. Диас Досқараев Қазақстан ерлер құрамасының жаңа капитаны болып тағайындалып, ол Юрий Щукинді алмастырды. Ал Юрий Билли Джин Кинг кубогына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып қала бермек.

Жаңа капитан Диас Досқараев Қазақстан құрамасын 2012 жылдан 2019 жылға дейін 7 жыл бойы басқарды. Ол 2013, 2014, 2015 жылдары құраманы үш рет ¼ финалға, ал 2019 жылы Дэвис кубогының жаңа форматы бойынша финалдық кезеңге алып шыққан болатын.

«Ұлттық құраманы қайтадан басқару мен үшін үлкен құрмет, Болат Жамитұлына көрсеткен сенімі үшін ризашылығымды білдіремін.  Дэвис кубогы – ерекше турнир, онда тек шеберлік пен дене дайындығы ғана емес, сонымен бірге командалық рух, мінез, ел үшін жауапкершілік маңызды.  Бізде мықты ойыншылар бар, сондықтан менің міндетім – бірлік, сенім және барынша күш-жігер жұмсай білу ахуалын қалыптастыру», - деп атап өтті Диас Досқараев.

Естеріңізде болса, 2026 жылғы 6-7 ақпанда Қазақстан өз алаңында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы аясында Монако командасын қабылдайды. Аталған ойындар Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтеді.

Реклама
Реклама