Отандасымыз француз теннисшісін айқын есеппен жеңді
Қазақстан намысын қорғап жүрген Юлия Путинцева маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Australian Open жарысының үшінші айналымына шықты.
Екінші кезеңде қазақстандық теннисші франциялық Эльза Жакмоны сенімді түрде жеңді. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылып, Путинцева екі сетте 6:1, 6:2 есебімен басым түсті. Әлемдік рейтингте 94-орында тұрған спортшы алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Ал WTA рейтингінде 60-орында тұрған Жакмо бір эйс жасап, жеті брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды.
Үшінші айналымда Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 112-орында тұрған түркиялық Зейнеп Сонмезпен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алады.
Айта кетейік, бұған дейін Путинцева алғашқы айналымда WTA рейтингінде 11-орында тұрған ресейлік Екатерина Александрованы 7:5, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, турнирдегі басты сенсациялардың бірін жасаған еді.