Бублик Доха турниріне қатысудан бас тартты

Редактор
16.02.2026, 23:32

Қазақстандық теннисші Роттердам турнирінде жартылай финалға дейін жеткен

Getty sport

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дохада өтетін ATP турниріне қатыспайтынын мәлімдеді.

Әлемнің оныншы ракеткасы жарыс кестесінің тығыздығы мен соңғы ірі турнирлерден кейінгі шаршағандыққа байланысты бұл додаға қатысудан бас тартуға мәжбүр болғанын өзінің Telegram-арнасында жазды.

«Дохаға ұшып келдім, бірақ шаршағандықтан турнирден бас тартуға тура келді. Дубайда кездескенше», - деді спортшы.

Қатар астанасындағы турнир дүйсенбі күні басталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2,8 миллион АҚШ долларды құрайды.

Қазақстандық теннисші Нидерландтағы Роттердам турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, маусымдағы үздік нәтижелерінің бірін тіркеген болатын. Қазір Бублик ATP рейтингінде оныншы орында тұр.

Енді отандық теннис шебері 23 ақпанда басталатын Дубай турнирінде сынға түспек. Бұл бәсекенің жүлде қоры 3,3 миллион доллардан асады.

Реклама
Реклама