Финалда да ол орыс теннисшісімен кортқа шығады
Әлемнің бесінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина Abu Dhabi Open турнирінің финалына шықты деп хабарлайды 1bol.kz.
Рыбакина жартылай финалда ресейлік Людмила Самсоновамен (WTA рейтингінде 15-орын) кездескен болатын. Ойын үш сетке созылып, 6:0, 4:6, 6:2 есебімен Рыбакина жеңіске жетті.
Матч барысында қазақстандық теннисші 9 эйс жасап, бір рет дабл-фолға жол берді.
Айта кету керек, Самсонова Рыбакина үшін өте қолайсыз қарсыластардың бірі саналады. Бұған дейінгі кездесулердің бірде-бірінде ол Ресей теннисшісін жеңе алмаған.
Енді финалда жерлесіміз өзге орыс теннисшісі Дарья Касаткинамен кортқа шығады.