Жарнама
Жарнама

Рыбакина Индиан-Уэллс турниріндегі алғашқы кездесуін қиындықпен жеңді

Редактор
08.03.2026, 15:27

Жарыстың жүлде қоры 18,8 миллион долларды құрайды

Getty Images

АҚШ-та өтіп жатқан дәстүрлі Индиан-Уэллс турнирін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№3) жеңіспен бастады. Отандасымыз америкалық Хэйли Баптистпен (№43) кортқа шығып, 7:6 (7:5), 2:6, 6:2 есебі тіркеді.

Матч 2 сағат 18 минутқа созылды. Рыбакина 6 эйс және 5 дабл-фол жасаса, Баптист те 6 эйспен бірге 4 рет күрделі қателікке жол берді.

«Ол агрессивті ойнады, доп беруі де жақсы, әрі оның екінші добы шабуыл жасауға едәуір қиын болды. Кейде доп өте биік секіріп кетіп жатты, оған қоса жел де болды, сондықтан жағдайға тез бейімделу қажет еді. Мен ойынды сәл өзгертіп, допты әртүрлі бағытта жіберуге тырыстым, бірақ мұндай жағдайда бұл оңай болмады. Маған шешімді тезірек қабылдау керек еді, әсіресе мүмкіндік болып, есепте алда тұрған сәттерде. Кейбір шешімдерім дұрыс болмады. Жалпы алғанда, әлі де жұмыс істейтін тұстар бар», — деді Рыбакина матчтан кейін

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы Марта Костюк (Украина, №28) пен Тейлор Таунсенд (АҚШ, №87) арасындағы кездесуден кейін белгілі болады.

Реклама
Реклама