Жарнама
Жарнама

Рыбакина жоқ: Қазақстанның теннистен әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

Редактор
12.03.2026, 22:25

Аламан сәуірде өтеді.

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясы әйелдер құрамасының командалық әлем чемпионаты аясында Канадаға қарсы өтетін матчқа қатысатын құрамын жариялады.

Қазақстан мен Канада арасындағы кездесулер 10-11 сәуір күндері Астанада өтеді. Алайда бұл ойындарға Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинақатыспайды.

Қазақстан құрамасының тізімі мынадай:

• Юлия Путинцева

• Анна Данилина

• Жібек Құламбаева

• Соня Жиенбаева

• Аружан Сағандықова

Ал Канада құрамасы мына теннисшілерден жасақталған:

• Виктория Мбоко

• Марина Стакушич

• Бьянка Андрееску

• Кайла Гросс

• Габи Дабровски

Айта кетейік, бұл кездесу Қазақстан құрамасы үшін маңызды сынақ болмақ. Матчтың нәтижесі командалардың турнирдегі келесі кезеңге өту мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.

Реклама
Реклама