Жарнама
Жарнама

Елена Рыбакина Майамидегі турнирде украиналық теннисшіні жеңді

Редактор
Бүгін, 10:02
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№2) Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде украиналық Марта Костюкті (№28) қиындықсыз жеңіп, жарыстың 1/8 финалына шықты. 

Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебін тіркесе, екінші кезеңде 6:4 есебімен тағы да басым түсті. Ойын барысында Рыбакина 1 эйс жасап, екі рет дабл-фолға жол берді. Костюк болса үш эйс, екі дабл-фол тіркеді.

1/8 финалда отандасымыз Аустралия өкілі Талия Гибсонмен (№68) кортұа шығады. Ол кеше америкалық Ива Йовичті (№17) жеңіп кеткен болатын: 6:2, 6:2.

Miami Open турнирі 17 наурызда басталып, 28-не мәресіне жетеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 821 450 долларды құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 1 151 380 доллар жүлдеге ие болады.

Реклама
Реклама