Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA-1000 теннис турнирінде латвиялық Елена Остапенко мен беларусь Виктория Азаренко кездесіп, соңғысы жеңіске жетті (6:0, 6:3).
Матч біткеннен кейін Азаренко қарсыласының қолын алуға барған. Алайда, Остапенко қол бермей, орнына ракеткасын соза салды.
Айта кетейік, 2022 жылы Ресей әскері Украинаға басып кіргелі бері әлемде ресейлік және беларустік спортшылардың қолын алмау әрекеті жиілеген.
Ширек финалда Азаренко әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швентекпен кездеседі.
Катардағы турнир 11-17 ақпан аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 3,2 миллион долларды құрайды.