Жарнама
Жарнама

Рыбакина Штутгартта топ жарып, екінші Porsche көлігін жеңіп алды

Редактор
19.04.2026, 18:07

Бұл – қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы 13-ші жүлдесі

Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 санатындағы беделді турнирде жеңімпаз атанды.

Әлемнің екінші ракеткасы финалда чехиялық Каролина Мухованы (WTA №12) сенімді түрде ұтып, матчты 7:5, 6:1 есебімен аяқтады. Осылайша, Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы екінші титулын жеңіп алды. Бұған дейін ол Australian Open турнирінде топ жарған болатын.

Бұл – қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы 13-ші жүлдесі. Сонымен қатар, Рыбакина Штутгарттағы турнирді екінші рет ұтып отыр: ол мұнда алғаш рет 2024 жылы чемпион атанған еді.

Жеңісі үшін Рыбакина 500 рейтингтік ұпайға ие болып, 160 мың еуро көлемінде сыйақы алды. Сондай-ақ турнирдің басты жүлделерінің бірі – Porsche 911 Carrera S автокөлігі де чемпионға табысталды.

Айта кетейік, Рыбакина қазіргі таңда 2026 жылғы маусымның чемпиондық жарысында көш бастап келеді. Оның еншісінде 25 жеңіс және 5 жеңіліс бар.

Реклама
Реклама