Жарнама
Жарнама

Зарина Диас кәсіби мансабын ерте аяқтауына не түрткі болғанын мәлімдеді

Редактор
Бүгін, 13:22

Спортшы тенниспен қоштаспайтынын атап өтті

instagram.com/zarinadiyas

Қазақстандық теннисші Зарина Диас кәсіби мансабын аяқтау себебін түсіндірді.

Спортшының айтуынша, бұл шешімге ұзақ уақыт мазалаған жарақаттар себеп болған.

"Көпшілік меннен неге мансабымды аяқтағанымды сұрап жатыр. «Әлі ерте еді, әлі ойнай алатын едің, жас едің» деп жазады.

Мен бұл шешімді жарақаттар маза бермегендіктен қабылдадым. Бір сәтте физикалық тұрғыдан өте ауыр болып, денем жай ғана «тоқта» деді.

Бұл оңай шешім болған жоқ. Кәсіби мансапты аяқтау – кез келген спортшы үшін қиын. Мен бұл қадамға ұзақ келдім, көп ойландым, күмәндандым.

Бірақ бүгін бұл дұрыс таңдау болғанын түсінемін. Өйткені өз денемді тыңдадым. Әр адам өзіне не дұрыс екенін өзі шешуі керек, басқалардың сөзіне емес. Нағыз күш – осында.

Әрине, сағынамын. Сол эмоцияларды, жарыстарды, адреналинді – оны ештеңе алмастыра алмайды. Бірақ мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Еш өкінбеймін.

Ал теннис… ол ешқайда кеткен жоқ, ол енді өмірімнің жаңа кезеңінің бір бөлігіне айналады”, – деп жазды Зарина Диас Instagram парақшасында.

Реклама
Реклама

Материалда: