Жарнама
Жарнама

Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалында бақ сынайды

Редактор
15.05.2026, 16:40

Отандасымыз «Челленджер» турнирінің жұптық сынында өнер көрсетіп жатыр

ҰОК

Григорий Ломакин Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптық сынында финалға жолдама алды.

Қазақстандық теннисші ресейлік Петр Бар-Бирюковпен бірге жартылай финалда үндістандық Мукунд Сасикумар мен Адиль Калианпур дуэтінен басым түсті.

Кездесу екі сетке созылып, 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 42 минутқа жалғасты.

Осылайша, Ломакин мен Бар-Бирюков турнир финалына шығып, чемпиондық атақ үшін үндістандық Эс Де Праджвал Дев / Нитин-Кумар Синха және Ники Калиянда Пунача / Сакет Минени жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Реклама
Реклама

Материалда: