Жарнама
Жарнама

Жәния Бекмұхамбетова Таиландта қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 13:09

Бұған дейін Ташкентте өткен турнирде чемпион атанған

ҰОК

Қазақстан үстел теннисінен Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде жүлдеге ие болды.

U13 жас санатында Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық спортшы Фаннапат Чингсоньоенді (Таиланд) 3:0, Чен Этельді (Сингапур) 3:0, Мао Хлоуды (Сингапур) 3:0 және Асахи Кавагучиді (Жапония) 3:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Жәния Малайзия өкілі Анг Чжи Юйден 1:3 есебімен жеңіліп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.

Реклама
Реклама