Ига Швентек Париждегі турнирді мерзімінен бұрын аяқтады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғаннан кейін де WTA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалады.
Бұл мүмкіндік әлемнің үшінші ракеткасы, польшалық Ига Швентектің Париждегі турнирді мерзімінен бұрын аяқтауынан кейін белгілі болды. Төртінші айналымда Швентек украиналық Марта Костюктен 5:7, 1:6 есебімен жеңіліп, жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.
Осылайша, Польша өкілі рейтингте Рыбакинаны басып озуға мүмкіндік беретін ұпайларды жинай алмады. Соның нәтижесінде қазақстандық теннисші турнир қорытындысына қарамастан әлемнің екінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалатын болды.
Айта кетейік, Ига Швентек Парижге былтырғы чемпион ретінде келген еді. Алайда ол өз титулын қорғай алмады.
Еске салсақ, «Ролан Гаррос» турнирі 24 мамыр мен 7 маусым аралығында Франция астанасы Парижде өтіп жатыр. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 61 миллион еуроны құрайды.