Жарнама
Жарнама

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» финалында екінші рет жеңілді

Редактор
07.06.2026, 16:33

Данилина мен Крунич қатарынан екінші жыл «Ролан Гаррос» финалында жеңіліс тапты

ҰОК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина тағы да «Ролан Гаррос» титулына бір қадам жетпей тоқтады. Франция ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жұптық сынының финалында қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге жеңіліске ұшырады.

Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Данилина мен Крунич турнирде екінші нөмірмен тіркелген болатын. Ал финалда олар әлемнің үздік жұбы саналатын, рейтинг көшбасшылары — чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендге қарсы кортқа шықты.

Шешуші кездесу 2:6, 5:7 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.  Осылайша, Данилина мен Крунич қатарынан екінші жыл «Ролан Гаррос» финалында жеңіліс тапты. Өткен маусымда олар италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолини жұбына жол берген еді. Бұған қоса, 2026 жылдың басында өткен Австралия ашық чемпионатының финалында да жеңіске жете алмады.

Реклама
Реклама