Жарнама
Жарнама

Рыбакина WTA рейтингінде Соболенкоға жақындай түсті

Редактор
Бүгін, 10:43

Рыбакинаның еншісінде 8 056 ұпай бар

Getty Images

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің екінші теннисшісі мәртебесін сақтап қалды.

Рыбакинаның еншісінде 8 056 ұпай бар. Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан небәрі 494 ұпайға қалып келеді. Беларусь өкілі 8 550 ұпаймен көш бастап тұр.

WTA рейтингінің үздік бестігі:

  1. Арина Соболенко (Беларусь) — 8 550 ұпай;
  2. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 8 056;
  3. Джессика Пегула (АҚШ) — 6 300;
  4. Коко Гауфф (АҚШ) — 5 649;
  5. Мирра Андреева (Ресей) — 5 293.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жаңартылған рейтингте 79-орында тұр. Оның еншісінде 904 ұпай бар.

Ал қазақстандық теннисшілердің қатарында Жібек Құламбаева 465-орында, Аружан Сағандықова 624-сатыда, ал Асылжан Арыстанбекова 941-орынға жайғасты.

Реклама
Реклама